Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Сәуір, 2024

Су тасқыны: 5 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ағымдағы ақпарат:

2024 жылғы 17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны орын алды.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.

178 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз