Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Сәуір, 2024

Мопед жүргізушілерінде "А1" санатындағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс

Мәжіліс депутаттары "Жол жүрісі туралы" заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және оған ілеспе заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Негізгі заң жобасына сәйкес, мопед жүргізушілері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Бұл норма мас күйде мопед қолданған жүргізушілер санын, мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен жарақат алуды азайтуға бағытталған. Бұдан басқа мопед жүргізушілері толық жол қозғалысына қатысушыларға теңестіру ұсынылып отыр.

Енді азаматтар мопедтерді басқару үшін уәкілетті органда міндетті тіркеуден өтеді. Сонымен қатар, "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алып, жыл сайынғы техникалық байқаудан да өтуге міндеттеледі.

Жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін анықтау өкілеттігі беріледі.

287 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз