Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Сәуір, 2024

Алматы-Атырау бағыты бойынша қосымша пойыз қатынайды

Ұлттық тасымалдаушы Алматы-Атырау бағыты бойынша қосымша пойыз тағайындады, - деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық тасымалдаушы «Алматы-Атырау» және кері бағытта 1 рейске қосымша пойыз тағайындады. №215/216 «Алматы-Атырау» пойызы келесі кестеге сәйкес қатынайды:
- Алматыдан 19 сәуірде сағат 13:40-та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32-де келеді;
- Атыраудан 21 сәуірде сағат 23:16-да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50-де келеді.
№215/216 «Алматы-Атырау» пойызына билеттер купе вагондарында да, плацкарт вагондарында да қолжетімді.

295 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз