Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Сәуір, 2024

«Ырғыз-Нұра» бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары басталды

«Ырғыз-Нұра» бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақтөбе облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
 Бүгін, 18 сәуірден бастап, Ырғыз ауданындағы тасқын кезінде су шайған «Ырғыз-Нұра» бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолын қалыпқа келтіру жұмыстары басталды.
Аталған жол аудан орталығын Нұра ауылдық округіне қарасты Нұра, Мамыр, Белшер және Дүкен елді мекендерімен байланыстырады. Жалпы ұзындығы — 90 шақырым.
«Ырғыз-Нұра» бағытындағы көтерме жол 1970-1975 жылдар аралығында салынған. Жолдың бойында екі көпір бар. Бүгін су тасқыны салдарынан шайылған осы жолды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Әрі қарай күрделі жөндеу жұмыстары талап етіледі. Оған арнайы комиссия акт жасақтап, жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, жөндеу жүргізілетін болады. Төтенше жағдай ескеріле отырып, бұл жұмыстар бір мезгілде атқарылады», — дейді Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.
Көктемгі су тасқынының салдарынан көтерме жолды бірнеше жерден су шаюына байланысты қазіргі таңда екі ортада уақытша жол қатынасы болмай отыр. Ал аталған автокөлік жолының 35-шақырымындағы көпірдің техникалық жағдайы қосымша тексеру мен зерделеуді қажет етеді.
 Айта кету керек, Нұра ауылдық округі Қостанай облысының Жангелдин ауданымен шектесіп жатыр.
 

 Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

296 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз