Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Сәуір, 2024

«Астана Опера» сахнасында «Алпамыс» қиял-ғажайып операсы қойылады

«Астана Опера» сахнасында «Алпамыс» қиял-ғажайып операсы қойылады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін Кәукен Кенжетаев либреттосын жазған Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» қиял-ғажайып операсы «Астана Опера» театрының Үлкен залында көрсетіледі.
Көрерменге ұлттық эпикалық қаһарман Алпамыс батырдың опералық сюжеті ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бақыт, бостандық үшін күресін, туған жерге деген махаббатын дәріптейтін шығарманың музыкалық драматургиясы да  анық баяндалады.
Операның музыкалық сүйемелдеуі халық әндерінен тұрады. Жағымсыз кейіпкерлерді суреттейтін, бейнелі-мазмұнды вокалдық партиялар да орындалады.
Спектакльді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей Халық әртісі, атақты режиссер Юрий Александров қойған. Музыкалық жетекші және қоюшы-дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.
Айта кетейік, «Астана Опера» репертуарында ұлттық спектакльдердің орны бөлек және ерекше сұранысқа ие. Сол себепті жыл сайын қазақ халқының тарихы мен дәстүрі баяндалатын музыкалық шығармалар саны артып келеді.

463 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз