Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2024

Енді су тасқыны жағдайын онлайн бақылауға болады

Әрбір азамат GOV.KZ сайтында су тасқынына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен Орал, Атырау, Қостанай қалаларындағы жағдайды көре алады, – деді ҚР ЦДИАӨМ ресми өкілі Альбина Атен ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сондай-ақ eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді қабылдауға арналған сервис іске қосылды.

«Қызмет су тасқынынан зардап шеккен Ақмола, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы барлық азаматтарға қолжетімді. Азаматтар енді тікелей eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығынды өтеу туралы арызды оңай әрі ыңғайлы түрде бере алады», - деді спикер.

Оның айтуынша, Astana Hub су тасқынын басқару бойынша 30-дан астам инновациялық шешімді жинап, оларды Төтенше жағдайлар министрлігінің қарауына ұсынды.

ARC Drones негізін қалаушылар Әлібек Елтай және Әсел Тұрсынмен бірге америкалық стартап Қазақстандағы су тасқынына қарсы көмек көрсету үшін автономды дрондарын ұсынады.

«Дрондар бүгін Қазақстанға келеді, олар Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе Атырау қаласында жүк жеткізуді жоспарлап отыр», - деді ведомствоның ресми өкілі.

Сонымен қатар, Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты Батыс Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстарындағы «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК және жеке геодезиялық компаниялардың мамандары арасынан штабтар ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша сыни нүктелер мен қорғалмаған учаскелер айқындалды, оларды нығайту және қосымша қорғаныш үйінділерін орнату қажет.

Фото: дереккөзден алынды

103 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз