Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2024

Су тасқыны жағдайы бойынша сандық деректер

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпараттар бойынша азаматтық қорғау қызметтері 117800 адамды, оның ішінде 43931 баланы құтқарды. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19071 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 8914 адам, оның ішінде 4019 бала бар.

10,2 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,2 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді.

Жедел желі телефонына 1958 қоңырау түсті.

Фото: ОКҚ

86 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз