Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2024

БҚО-да ұзындығы 102 км буық бөгет тұрғызылды

Ресейдің Орынбор облысынан бастау алған көлемді су Батыс Қазақстан облысына 20 сәуірден кейін келеді деп болжанып отыр. Осыған орай су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар күшейтілді, – деп хабарлайды kazgazeta.kz

«Бүгінде Жайық өзенінің деңгейі 780 см құрайды, жағдай әлі де болса күрделі», - деді БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, облыста тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды қорғау шаралары күшейтілді. Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласында ұзындығы 102 км жуық бөгет тұрғызылды.

Су тасқыны басталғалы бері өңірде 13 794 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 мыңға жуығы балаа.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға облысымыздан және басқа аймақтардан барлығы 10 мыңнан астам адам, 2074 техника, оның ішінде 1265 арнайы техника жұмылдырылды.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

137 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз