Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Сәуір, 2024

Елизавета Безрукова нысана көздеуден әлем рекордын жаңартты

Нысана көздеуден Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем кубогында Елизавета Безрукова жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Ұлттық құраманың мергені 50 метрден үш позицияда винтовкамен нысана көздеу сайысында 595 ұпай жинап, бірінші орын алды.

Іріктеу кезеңінде одан кейінгі сатыға Анита Манголд (Германия) 593 ұпаймен жайғасса, швейцариялық спортшы Чиара Леон (592 ұпай) үздік үштікке кірді.

Осыған дейін Елизавета Безрукова ел чемпионатында бірнеше рекорд жаңартқан.

97 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз