Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Сәуір, 2024

Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайы тұрақталуда

Қазіргі уақытта еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайы тұрақталуда. Су тасқыны қауіпті өңірлерге жұмылдырылған ТЖМ күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына оралуда. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен көшпелі сорғы станциялары броньнан шығарылды, олар секундына 500 текше метр су соруға мүмкіндік береді.  Қазіргі уақытта Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 2 көшпелі сорғы станциясы жұмылдырылды. Өткен тәулікте олардың көмегімен 15 мың текше метр су сорылды.

Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 5 029 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 271 адам, оның ішінде 44 282 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 20 823 адам өз үйлеріне оралды.

8 768 адам, оның ішінде 3 839 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 435 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан судың бағыты бұрылды.

10,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,6 млн артық қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 961 жеке тұрғын үй, 1 065 аула аумағы су астында қалуда.

Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 749 адам,  4 636 техника, 808 су сору құралы, 330 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына Жайық өзені арқылы  Ресей Федерациясы жағынан туындайтын су тасқынының екінші толқыны ерекше бақылауда.

Фото: gov.kz

428 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз