Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Сәуір, 2024

Еліміздің қоржынына Париж олимпиадасының тағы 9 жолдамасы түсті

Каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан әйелдер құрамасы (Мария Бровкова, Руфина Искакова) чемпион атанып, жазғы ойындарға жолдама олжалады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігу хабарлады.

500 метрге жарыста Қазақстан ерлер құрамасы (Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий) мәреге бірінші жетіп, Париждегі кешенді жарыстың билетіне иелік етті.

500 метрге жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы Олимпиада жолдамасын жеңіп алған.

Спорттың бұл түрінде жұптық сында лицензия алған екі ескекші Олимпиадада жекелей сында өнер көрсетеді.

Спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан әлем кубогының шешуші кезеңінде ат снарядындағы жаттығуы бойынша Нариман Құрбанов

Париж Олимпиадасына бару құқығына ие болды.

Бішкек төрінде өткен еркін күрестен лицензиялық турнирде 2 жолдама бұйырды⚡

97 келі. ??Әлішер Ерғали

125 келі. ??Юсуп Батырмұрзаев

Осылайша, ұлттық құрама қоржынындағы жолдама саны 42-ге жетті.

Фото: дереккөзден алынды

646 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз