Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 20 Сәуір, 2024

Қазақстан Қытай және Түркиямен шетелдік рұқсат бланкілерімен электрондық форматта алмасу туралы уағдаласты

Көлік саласын цифрландыру мемлекеттік органдар мен тасымалдау процестеріне қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынастар мен процестерді оңтайландыруға және жеделдетуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Биыл ҚР Көлік министрлігі Өзбекстан Республикасымен автомобиль жүк тасымалдарында электрондық шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасуға көшу міндетін орындады. Болашақта бұл тәжірибені кеңейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Қытаймен және Түркиямен келісімжасалған.

Сондай-ақ Көлік министрлігі қолданыстағы ақпараттық жүйелер, аппараттық-бағдарламалық кешендер және енгізілуі жоспарланған цифрлық жобалар өзара байланысты болатын Ұлттық зияткерлік көлік жүйесін құру жөніндегі жұмыстыжалғастырып жатыр.

Фото: GOV.KZ

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз