Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Сәуір, 2024

БҚО-ға 14 өңірден қосымша күш-құралдар келді

Облыста жағдай күрделі. Орал қаласы мен 4 ауданды су басу қаупі бар. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі хабарлады.

Еріген қар суынан төнген қауіп сейілген. Бірақ Жайық өзеніндегі су деңгейі қарқынды көтеріліп жатыр. 

«Жайықтың деңгейі 8 м 24 см-ді құрап отыр. Ал қауіпті деңгей – 8 м 50 см. Қауіпті межеге жетіп қалдық. Сол себепті облыс бойынша Жайық жағасын көтеру, нығайту, дамбаларды қою, қапшық толтыру, төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 14 өңірден қосымша күш-құралдар келіп жетті. Барлық жұмысқа 10 519 адам, 1784 бірлік техника, 212 су тарту құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды», – деді Төлеуіш Нұржан.

24-25-сәуірде Шаған өзенінде су шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Облыстың 9 ауданы жол-көлік қатынасынсыз қалды.

Соңғы тәуілкте 38 адам эвакуацияланды. Мектептер мен колледж студенттері қашықтан оқып жатыр. Жатақханалар эвакуациялық пунктерге берілді.

Фото: дереккөзден алынды

128 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз