Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Сәуір, 2024

ҚазМұнайГаз қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдады

«Өткен аптада біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдап, жұмыла сенбілікке шықтық. Бұл туралы ҚазМұнайГаз хабарлайды.

Елорданың тазалығы мен көркін сақтауға осылайша өз үлесімізді қостық. Эко-акцияны бүгін де жалғастырдық. Әріптесіміздің көбі сенбілікке отбасын, бала-шағасын ерте келді.  Бұл жақсы үрдіс өскелең ұрпақтың бойына қоршаған ортаға, қала мен еліне деген сүйіспеншілікті сіңіріп, оның тазалығын сақтауға үйретуге ықпал етеді», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Өткен сенбілікте қазмұнайгаздықтар қаланы тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жалпы қалалық экологиялық айлық аясында Нұра-Есіл каналы бойын Ұлы Дала даңғылы 88-ден бастап, әл-Фараби даңғылында орналасқан Nova City Оңтүстік тұрғын үй кешеніне дейін компанияға бекітілген учаскені қоқыстан тазартқан еді.

ҚМГ корпоративтік орталығының барлық құрылымдық бөлімшелерінен 150-ге жуық адам қатысқан бүгінгі сенбілікте елорданың тағы бір учаскесі қыс бойы жиналған қоқыстан тазартылды.

Фото: дереккөзден алынды

106 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз