Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Сәуір, 2024

Өзбекстан елімізге гуманитарлық көмек жіберді

Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмекпен 15 жүк көлігін жөнелтті, деп хабарлайды kazgazeta.kz

Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, көрпе-жастық және тағы басқа қажетті заттар бар.

Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, гуманитарлық көмек Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен жіберіліп отыр. Оны 15 жүк көлігімен жеткізіп береді. Бүгінде барлық ұйымдастырушылық мәселе де реттелді.

Гуманитарлық көмекті жеткізу міндеті президент кеңесшісі Турсинхан Худайбергенов бастаған жұмыс тобына жүктелді. Көмектің ішінде азық-түлік тауарлары, балалар мен үлкендерге арналған киім-кешек, матрастар, көрпелер, жастықтар, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайықтар және тағы басқа қажетті заттар бар.

Фото: Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

1120 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз