Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Сәуір, 2024

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды

Заң медицина қызметкерлерін қолдау үшін қабылданды. Түзетулер лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және олардың қоғамдағы маңызды рөлін тануға бағытталған. 

Заңда не жазылған? Бірінші - медицина қызметкерлерінің тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда өз балалары үшін басым тәртіппен орын алуға құқығы бар Медицина қызметкерлері заңсыз араласудан және кәсіби қызметке кедергі келтіруден қорғалуға құқылы. 

Еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін көрнекті медицина қызметкерлері үшін алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы енгізілді 

Үшінші - медицина қызметкерлері артық есептілік пен ақпарат беруден босатылады. 

Заң кем дегенде 5 жыл мерзімге ауылдық жерге жұмысқа келген медицина қызметкерлері, аса тапшы мамандықтар үшін ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде біржолғы төлемдерді көздейді.

Заң шегілмейтін темекі бұйымдарын, вейптерді, оларға арналған хош иістер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға және жарнамалауға тыйым салады. Бұл халықтың арасында жаман әдеттердің таралуына қарсы күрестегі маңызды қадам.

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

184 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз