Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Сәуір, 2024

Олжас Бектенов әкімдіктерге тұрғын үй кезегінде тұрғандардың тізімін өзектендіруді тапсырды

2023 жылы өңірлер әкімдіктері тұрғын үй кезегінде тұрғандар тізімін түгендеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Үкімет хабарлады.

Өтініш берушілердің тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін көзделген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Ақмола облысында талаптарды бұзған 16 мыңға жуық, Шымкентте 36 мыңнан астам азамат анықталды. Бұл ретте кезекте тұрғандардың ішінде талаптарды бұзғандардың оннан аспайтын бөлігі алынып тасталды.

Олжас Бектенов жосықсыз өтініш берушілермен күресіп және тексеру қорытындысы бойынша құқық бұзушыларды тізімдерден шығаруды тапсырды.

«Барлық әкімдіктер осы тізімдерді қайта қарап, жұмысты І жартыжылдықтың соңына дейін аяқтауы қажет. Бәрі белгіленген ережеге сай болуға тиіс. Кезекке қабылдауды ашық әрі бәріне түсінікті етіп жасау керек. Сондай-ақ тізімге енгізілген адамдарға нақты мониторинг жүргізілуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: дереккөзден алынды

78 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз