Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Сәуір, 2024

Қарағанды облысының қалалар және аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады

Бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кирзаводауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағайкөшеттерін отырғызады. Орманды жаппай қалпынакелтіру «Таза Қазақстан» аясында жүргізіледі.  Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланған. 

Сонымен қатар, қоғам белсенділер мен қала өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар гүлзарларға, саябақтармен үйлердің аулаларына көшет отырғызуда.

Қарағандыда белсенділер Майқұдық саябағында"Жастар Аллеясы" атты жаңа аллея ашты. Мұнда 500 көшет отырғызылды. 

Акцияға қалалық мәслихаттың хатшысы АлтынтөреБөкенов қатысып, тұрғындарды қалалық аумақтардыкөгалдандыру мен тазалауда белсенді болуғашақырды. Ағаш егу – бұл тек экологияға қамқорлықжасау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортамыздықорғау мүмкіндігі, өз есіміңізді есиелік ретіндеқалдыру, деп атап өтті ол.

Өтемдік ағаш егу аясында Қарағандыда барлығы 3 мың көшет егіледі.

Экологиялық акцияға "Отражение" қоғамдық эко қозғалысының өкілдері, қоғам белсенділері мен қалатұрғындар қатысты. 

"Бүгін жастармен бірге Теміртау экологиясынжақсартуға өз үлесімізді қостық. Қаланыкөгалдандырумен төртінші жыл қатарынанайналысып келеміз. Біз ағаштарға күтім жасаужауапкершілігін өз мойнына алатын тұрғындарғакөшет таратамыз. Үш жылдың қорытындысына сай, желектердің жерсіну деңгейі 90% құрағанын көріпотырмыз. Демек, біздің тұрғындар ағаштарды күтугежауапкершілікпен қарайды" – дейді эко-белсенділердің жетекшісі Елена Варганова.

Барлығы Теміртауда 5 мыңнан астам ағаш егужоспарлануда, бүгін 670 ағаш егілді.

Теректер Абай даңғылында да егілді. Қала көшелеріне150 көшет егілді. Эко шараға тұрғындар белсендіқатысты. 

Қарқаралыда 200 қараған, терек және қарағашкөшеттері егілді.

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" ауқымдыэкологиялық акциясы жалғасуда. Жалпы ел болыпжүргізіліп жатқан тазалық шарасы 13 мамырға дейінжалғасады. Әр апта белгілі бір атаумен өтеді.  Осы жетікүндік "Жасыл аймақ" деп аталады және ағашегуге, елді мекендерді көгалдандыруға арналған. 

Облыстың қалалары мен аудандарында жасылжелектерлі егу жалғасатын болады.

205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз