- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Сәуір, 2024
Қазақстанда кітаптар 3,7% қымбаттады
2024 жылғы наурызда Қазақстандағы кітаптар өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7% қымбаттады, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8% өсті.
Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі – газет шығару, 16,7 млрд теңге – кітап шығару, 9,7 млрд теңге баспа қызметінің өзге түрлері есебінен болған.
165 рет
көрсетілді0
пікір