Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Сәуір, 2024

Қазақстандық спортшылар Астанада ағаш отырғызды

Елордалық спортшылар «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясына қатысты. Осы апта «Жасыл аймақ» ұранымен өтіп, ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
№ 5 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлері ағаш отырғызды.
«Қала тұрғындарын «Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» ауқмды экологиялық акциясына қатысуға шақырамын», - деді Гиннес рекордтар кітабына есімі енген спортшы, Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников.
«Елорданың әрбір тұрғыны өзінің тұрғылықты жеріне жауапкершілікпен қарауы, абаттандыру мен көгалдандыруға қатысуы тиіс. Бүгін біз «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» науқаны аясында ағаш отырғызып, қаланы абаттандыруға өз үлесімізді қостық», - деді ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Әлем және Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Мерей Ақшалов.
Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа үш абонементке конкурс өткізіледі. Оған кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Астана әкімдігінің Instagram-дағы (@akimat__astana) ресми аккаунтына жазылып, экоакциядан өз парақшасына түпнұсқа видео жариялап, онда #тазаастана, #экоакцияастана хэштегтерін белгілеу қажет (жарияланым болуы керек, stories емес).
Елордада ауқымды экологиялық жұмыстар әлі де жалғасуда.

166 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз