Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Сәуір, 2024

Қамыс өрті: 195 тонна су төгілді

Балқаш ауданындағы қамыс өсімдіктері мен шөп өртін сөндіру жұмыстары жалғастырылуда.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Су  ағызу құрылғысы бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді.

Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге  орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды.

Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков өрт оқиғасы орнында.

Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылуда.

176 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз