- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 24 Сәуір, 2024
Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Көкшетауда Eolus қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты.
Сотталушылардың жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен азаматтардан ақша тарту мақсатында Eolus қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, energyeolus.info платформасына аударылған. Залал сомасы шамамен 10 млн теңге болды.
Сот үкімімен екі азамат кіінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге тұрғындардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
84 рет
көрсетілді0
пікір