Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Сәуір, 2024

Көлік министрлігі жолаушыларды сапарларын алдын ала жоспарлауға шақырады

Елімізде демалыс және мереке күндері жақындап келеді. Осыған орай Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды сапарларын алдын ала жоспарлауға және теміржол билеттерін уақтылы сатып алуға шақырады.

Теміржол билеттерін сату пойыз жөнелтуге дейін кемінде 45 тәулік бұрын, ал қала маңындағы пойыздар үшін 10 тәулік бұрын басталады. Жолаушылар комиссиясыз билеттерді https://bilet.railways.kz/ сайтында немесе теміржол вокзалдарында орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында сатып ала алады.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін bilet.railways.kz сайтындағы жеке кабинетте және билет кассаларында «Күту парағы» қызметі қолжетімді. Бұл қызмет арқылы жолаушылар билетке кезекке тұрып, бос орын болған жағдайда билетті сатып ала алады. Аталған кезекке 7 күннен ерте емес мерзімде және пойыз жөнелтілгенге дейін 2 сағаттан кешіктірмей тұруға болады. Бос орындар пайда болған кезде жолаушының жеке кабинетіне тиісті ақпарат жіберіліп, SMS хабарлама келеді.

Жолаушылар пойыздары бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly Instagram желісіндегі ресми парақшасынан немесе KTZH_PP_BOT Telegram-бот арқылы алуға болады.

Фото: ашық дереккөз

98 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз