Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2024

Әскери интернатурада даярлау қағидаларына және мамандықтар тізбесіне өзгерістер енгізіледі

ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы «Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 2005 жылғы 7 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңының қабылдануына байланысты 22-бабы 2-тармағының 26-18) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұл қағида әскери-медициналық кадрларды даярлаудың барлық сатыларын қамтитын жоғары медициналық білім беру, әскери интернатура және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау тәртібін айқындайды. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 13 мамырына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15029008 сілтеме арқылы танысуға болады.

325 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз