Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2024

Көлік министрлігі мен Car Park Transformer Limited ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Аталған меморандумның мақсаты –халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарыныңбойындағы демалыс алаңдарында СРТ озық технологияларын пайдалана отырып, электромобильдерге қызмет көрсету станцияларын монтаждау және пайдалану жөніндегі жобаны өрістету. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлайды.

Аталған жоба Қазақстанда экологиялық таза көліктердің одан әрі таралуына ықпал ете отырып, электромобиль иелері үшін ыңғайлы және қолжетімді инфрақұрылым құруға бағытталған.

Айта кетерлігі, бұл келісім СРТ озық технологияларын пайдалана отырып, электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысты көрсетеді. Осы стратегиялық әріптестікте ҚР Көлік саласындағы инновациялық шешімдерді интеграциялау саласындағы танылған көшбасшы – Car Pad Transformer Limited Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің серіктесі болмақ.

Ынтымақтастық аясында орнатылатын станциялар автомобиль қозғалысының барлық қатысушысы үшін қолайлы мультисервистік ортаны қамтамасыз етеді деп жоспарланып отыр. Олардың құрамына электромобильдерді зарядтауға арналған нүктелер, сауда алаңдары кіреді. Ол осындай алаңдарды автомобильдерге қызмет көрсету орны деп қана шектелмей, сонымен қатар жүргізушілер мен жолаушылар үшін ыңғайлы демалыс орнына айналдырады.

ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен Car Park Transformer Limited арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою елдегі экологиялық таза көлік инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа перспективалар ашып, орнықты даму саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуге бағытталады.

Фото: gov.kz

80 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз