Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Сәуір, 2024

Алматыда 3 адамның өмірін қиған автобус апаты: Сот үкімі шықты

Алматыда автобус жүргізушісін соққыға жығып, салдарынан үш адам қаза болған іске қатысты Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Оған қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР қылмыстық кодексінің 58-бабына сәйкес, жазаны неғұрлым қатаң тағайындалған жазаны сіңіру арқылы Дархан Ахметжановты түпкілікті 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын, - делінген судья үкімінде.

Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді.

2023 жылдың 22 желтоқсанынан үкім заңды күшіне енгенге дейін Ахметжановқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкция қолданылған уақыттағы 1 күн қылмыстық-атқару мекемесінің 2 күніне тең деп есептеледі.

79 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз