- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 27 Сәуір, 2024
ТЖ министрі Жайық өзенінің бойындағы қорғаныс құрылыстарын тексеруді жалғастыруда
ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Атырау облысындағы Жайық өзенінің бойындағы қорғаныс құрылыстарын тексеруді жалғастыруда, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Өңірде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу кезеңінде 490 шақырымнан астам үйінді бөгеттер салынды. Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ 2024 жылдың 7 сәуірінде жарияланды.
Қазіргі уақытта Жылыой және Қызылқоға аудандарында су тасқыны салдарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарында қапшықтар мен инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жайық өзенінің су деңгейінің мониторингі тәулік бойы жүзеге асырылуда.
Су тасқынының екінші толқыны ведомство басшысының ерекше бақылауында.
434 рет
көрсетілді0
пікір