Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Сәуір, 2024

Астанада өткен сенбілікке зиялы қауым өкілдері қатысты

Астананың қалыптасуы мен дамуына жылдар бойы үлес қосып келе жатқан зиялы қауым өкілдері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Киелі мекен» апталығы аясында қатысушылар «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің жанына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл шара елордадағы Нұра ауданының ашылғанына бір жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылды. Шырша көшеттерін отырғызуға Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, Төлеген Мұхамеджанов, Абай Байгенжин, Надежда Петухова, Мұхтар Төлеутаев және т.б.ардагер азаматтар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов шараға қатысушылар Астананың қалыптасу тарихының куәгерлері ғана емес, қаланың дамуына тікелей үлес қосқан қайраткерлер екенін атап өтті.
«Қаламыздағы бесінші ауданның құрылуы тек Астананың ғана емес, бүкіл еліміздің дамуының үлгісі әрі дәлелі ретінде қала тарихының жаңа беті болды. Бұл жаңа тараудың басталуына жүздеген ғылымда жүрген ағаларымыздың, дәрігерлердің, құрылысшылардың, саясаткерлердің, мұғалімдердің және өз саласының басқа да мамандарының еңбектері зор болды», - деп атап өтті аудан әкімі Ж.Жұмағұлов.
Елордалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өмірзақ Озғанбаев бүгінгі шараның болашақ ұрпақ үшін өнегелі іс екенін атап өтті.
«Бүгін ауа-райы да жарқырап әдемі болып тұр. Осы күні қаланың бір топ ардагерлері ағаш отырғызып қаланың сәніне сән қосатын бір қадам жасап жатыр. Мына отырғызып жатқан мәңгі көгеріп тұратын шырша ағаштары секілді Астанамыз да көктеп көгере берсін деп тілек айтқым келеді. Бүгінгі Нұра ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен біз сияқты алдыңғы толқын аға буынның ағаш отырғызып жатқандығы ертеңгі болашақ үшін тәрбиелі, өнегелі іс болады деп санаймын», - деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Ө. Озғанбаев.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртiптiң үлгiсi». «Жасыл аймақ» апталығында ауданда осы күнге дейін 600-ге тарта түрлі ағаш отырғызылды. Ауқымды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

156 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз