Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Сәуір, 2024

Түркі өркениетіне жол

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті ұйымы, журналистика факультеті мен Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығының қолдауымен түркі әлемі елдерінің кино және медиа факультеттерінің студенттеріне арналған «Farabi Film Festival» кинофестивалі жұмысын бастады. 

Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан және Түрікменстаннан студенттер, оқытушылар мен кинематографтар қатысты. 

Салтанатты шараны басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жамила Нұрматқызы  құттықтау сөзбен ашып, алғаш рет өткен фестиваль жұмысына табыс тілеп, түркітілдес елдердің кино және өнер мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттердің этнографиялық деректі фильм, киноэссе, кино-бақылау, портрет, эксперименталды фильм, докуфикшен, документалды анимация жанрларында 70-ке жуық туындылардықабылданғанын атап өтті. 

Жас киногерлерді қолдау мен олардың кәсіби дамуына арналған кинофестиваль өткізуді дәстүрге айналдыру - түркі халықтары арасындағы достықты насихаттауға үлес қосады. 

«ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайд Юсуф әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, түркі өркениеті біздің ғана өркениетіміз емес, тұтасадамзаттың өркениеті.  Сондықтан түркі тілдес мемлекеттері  киноөнері арқылы ана тілін, тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін әлемге танытуы тиіс деп  тұжырымдады. Ош мемлекеттік университеті киноакадемия бөлімінің    оқытушы-операторы  Акимбай  Капаров университеттің 90 жылдық мерейтойына факультет студенттерінің арнайы сыйы – Алатау табиғаты бейнеленген картинаны сыйға тартты.   Алғаш рет түркі тілдес елдері арасында студенттердің фестиваліне одан ары ары жалғасын тауып, Орталық Азияда  қанатын кеңге жаюына тілектестік білдірді. 

Шара барысында жеңімпаздар ТҮРКСОЙ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан арнайы сыйлықтар, дипломдармен марапатталды. Түркменстан кинофакультеті студенттерінің жетекшісі-режиссер Искандер Аннамухамедов   «Дутар әуезі» фильмі үшін ТЮРКСОЙ бас жүлдесін иеленді. Фестиваль  номинаттары арасында  Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстаннан келген жеңімпаздар бар. 

«Ақшамдағы қоңырау» фильмі үшін ҚазҰУ-дың Бас жүлдесін алған Қырғыз-түрік Манасуниверситетінің студенті Саадат Казакбаева: «Сценариймен ұзақ отырдым. Менің фильмім жай ғана махаббат  туралы емес, жалғыздықты қалай жеңіп шығуға болатын жолын іздеу еді. Нәтижесінде көптеген жалғызбасты адамдардың тағдырын бейнелейтін хикая туындады. Өмірдің мәні мен мағынасын іздеген жандардың бірін-бірі табуы баяндалды. Менің жұмысымды әділқазылар жоғары бағаланы үшін бақыттымын»,-  деді ол.  

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері Диас Юсуфтың «Boyau», Аднан әл-Хаттабтың «Hasib Untold Story», Олжас Павликтің «ҚазҰУ: тарих пен білім мекені» атты фильмдері ерекше деп танылды. 2021 жылы ҚазҰУ-да «Кино&Медиа» білім беру бағдарламасы ашылып,  шығармашылық шеберлік, креативті өнім жасауға қабілетті кино және медиа саласындағы сұранысқа ие кадрларды даярлау үстінде. 

Фестиваль қонақтары  Мұрат Есжан, Өтеген Нартай, Бертіс Диас, Акунова Аруна, Увальжанова Әлия сияқты танымал кинематографистер студенттерге арнап шеберлік сыныптарын өткізді.  Фествиальдің мәдени бағдарламасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусына, «Қазақфильм» киностудиясына, Алматы қаласы музейлеріне тур көрсетілімімен жалғасын тапты. 

Көрерменнің  көзайымы болған, жүрегіне жол тапқан бірқатар туындылар түркі өркениетінің мәңгілік құндылығына айналмақ. Аталған бастама алдағы жылдары жалғасын тауып, дарынды киногерлер мен жас режиссерлердің өнердегі алғашқы баспалдағына айналады деген сеніміміз мол.

Гүлмира Сұлтанбаева

130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз