Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 01 Мамыр, 2024

Олжас Бектенов Қазақстан халқын бірлік күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің еліміз ұлт пен ұлыстың ынтымағын қашаннан өзінің қастерлі құндылықтарының қайнар көзі ретінде ұлықтап келеді. Қоғамдағы ортақ келісімнің арқасында Қазақстан тұғырлы тұрақтылықтың темірқазығына, береке мен бірліктің ордасына айналды.

Ауызбіршілік пен бауырмалдықтың осындай жарқын үлгісі биылғы су тасқыны орын алған күрделі кезеңде де айқын көрінді. Халқымыз қиындық атаулыны жұмыла еңсеріп, бір-біріне көмек қолын созуда. Елдің болашағы – бірлікте! Ал ертеңін ойлаған елдің іргесі ешқашан ажырамайды.

Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!» - делінген құттықтауда.

350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз