- Құмсағат
- 01 Мамыр, 2024
Алан Құрманғалиев Франциядағы турнирде қола жүлде иеленді
Францияның Мец қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Алан Құрманғалиев үшінші орын иеленді. Ол турнир барысында Иван Кан (Нидерланд), Ронд Брент (Нидерланд), Назар Солодкий (Украина), Вим Вердоншот (Германия) сынды спортшылардан басым түсті.
Жартылай финалда Алан жапондық Юхи Сакаидан 1:3 есебімен ұтылып, қола медаль иеленді.
585 рет
көрсетілді0
пікір