Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Мамыр, 2024

Астанада «Набат операциясы» фильмінің тұсаукесері өтті

«Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы «Набат операциясы» драмалық экшн-фильмін ұсынды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фильмді режиссер Рашид Сүлейменов түсірген. Картина шынайы оқиғаға негізделген және 1992 жылы жасалған арнайы операция туралы баяндалады. Түрмеден қашқан тұтқындар автобус жолаушыларын кепілге алып, оларды қазақстандық құқық қорғау органы қызметкерлері құтқарады.

Көрсетілімге мемлекеттік органдар, киноиндустрия өкілдері және басты рөлдерді сомдаған актерлер қатысты.

«Қазақфильм» президенті Азамат Сатыбалдының айтуынша, бұл фильм биыл Ұлттық киностудия түсірген тұңғыш премьера.

Фильмді 2 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалауға болады.

Фото: gov.kz

112 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз