Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Мамыр, 2024

Наурызбай Байқадамов ант қабылдады

Сенат құрамының жаңа депутаты Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов ант қабылдады.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант беремін», - деді Наурызбай Байқадамов.

Сондай-ақ сенатор Амангелді Нұғманов Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің құрамына сайланды.

Фото: ашық дереккөз

393 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз