Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 02 Мамыр, 2024

Қазақстан мен Түркиядағы мерекелер экологиялық акциямен аталып өтті

Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығының бастамасымен Қазақстан халқының бірлігі күні және Түркияның Еңбек және ынтымақ күніне орай қалалық жағажайларды қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акция өткізілді, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шара Анталия муниципалитетінің және Қазақстан іскер адамдар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылған.

Акцияға отандастар, оның ішінде қазақстандық студенттер, сондай-ақ Түркия азаматтары мен Орталық Азия мен Кавказ елдері қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты – дүние жүзіндегі табиғатқа қамқорлық пен экологиялық мәселелерді шешудің маңыздылығына назар аудару.

Іс-шараға қатысушыларға арналған алғы сөзінде Қазақстанның Анталиядағы Бас консулы Қуат Қанафеев Қазақстан экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне үлкен мән беретінін атап өтті.

Ол еліміз ТМҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ХАҚҚ төрағасы ретінде қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық шараларды қабылдауға ықпал етіп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Қ. Қанафеев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы бастамасына назар аударды.

Қалалық жағажайларда сенбілік ұйымдастыру бастамасын Анталия тұрғындары үлкен ықыласпен қолдады. Олар жыл сайын экологиялық науқанды өткізуге дайын екендігін білдірді.

Айта кетейік, 1 мамыр – Түркия Республикасында ресми мереке, Еңбек және ынтымақ күні (Emek ve Dayanışma Günü). Бұл күн – бірлік, ынтымақ, әділетсіздікпен күрес күні.

814 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз