Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 02 Мамыр, 2024

Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына кімдер қатысады

Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.
Астанада 10-12 мамыр күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды. Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды.
Назарларыңызға елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімін ұсынамыз:
Ерлер
-60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Суюкенов
-66 кг: Есет Қуанов, Ғұсман Кырғызбаев, Нурсултан Зайзағалиев, Жанарыс Рахметқали
-73 кг: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Жансай Смағұлов, Бақытжан Абдурахманов
-81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Руслан Мусаев, Мәди Амангелді
-90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков, Досымов Қудырет, Мавлидов Мұхаммедали
-100 кг: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев
+100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай
Әйелдер:
-48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай
-52 кг: Толғанай Абеуова, Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева
-57 кг: Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Үсейн, Дина Муханбет, Дана Әбдірова
-63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова
-70 кг: Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова
-78 кг: Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская
+78 кг: Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова
Естеріңізге сала кетсек, тек жарысты қабылдаушы ел ғана әр салмақ дәрежесінде максималды төрт спортшыдан шығаруға құқылы. 
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл жарысқа 86 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарысқа кіру тегін.
«Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды. 

734 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз