Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Мамыр, 2024

Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті

Алматыда ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің 5 мәрте стипендиаты Маралтай Райымбекұлының 55 жасқа толған мерейтойына орай «Балбал тас»  поэтикалық-концептуалды кеші өтті.

"Ықылас Дүкенұлы атындағы музыкалық аспаптар мұражайында" өткен жыр кешінде Маралтай Райымбекұлының мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдаған құттықтау хатын жазушы, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ақынға зор құрметпен табыс етті. 

«Балбал тас» поэтикалық-концептуалды кеші - актерлік құрамның ізденісі мен режиссердің тосын шешімдері арқылы ақын поэзиясын, ішкі қуатын көрсеткен ерекше форматтағы шара болды. Жыр кешінде ақынның он өлеңі оқылып, олардың шығу тарихы айтылды. Әсерлі кеш түрлі музыкалық аспаптарда ойналған әсем әуендермен сүйемелденіп отырды.
Жыр кешін #ALpoetry production ұйымдастырды.

319 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз