Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Мамыр, 2024

Сарбаздар запасқа шықты

Приозерск гарнизонында орналасқан 44841 әскери бөлімінің   сарбаздары запасқа шығарылды.

Өткен жылдың көктемінде ғана әскер қатарына шақырылып, қатарға қосылған сарбаздар бір жыл бойы Отан алдындағы азаматтық борыштарын абыроймен атқарып, өздерінің туған үйлеріне қайтатын күнге де жетті. Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне – 32 жыл толу қарсаңында запасқа шығатын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге арналған салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты іс-шараны 44841 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Нурбахыт Нургалиев ашты. Ең бірінші кезекте, саптық алаңға көп жылдық тарихы бар 44841 әскери бөлімінің Жауынгерлік Туы енгізілді.

 «Сіздер өткен жылы қатарға қосылып, біздің әскери ортада өздеріңіздің Отан алдындағы азаматтық борыштарыңызды адал атқардыңыздар. Алдағы өмірде де дұрыс таңдау жасай алатындарыңызға сенімім мол! Баршаңызға табыстілеймін, жолдарыңыз болсын!» – деп Приозерск гарнизонының бастығы полковник Савельев Дидар Шаймуратович шын ризашылығын жеткізді.

Бөлімнің жеке құрамының алдында сап түзеген запасқа шығатын әскери қызметшілер салтанатты түрде бөлімнің Жауынгерлік Туымен қоштасу рәсімін бір кісідей атқарып, жеке құрам алдында асқан ұйымшылдық танытты.

Мінбеге жиналған құттықтаушылардың арасынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімі «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының жетекшісі, Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Кенжебеков Тілек Алшымбекұлы пен запасқа шығатын сарбаздар атынан қатардағы жауынгер Моисейкин Роман құттықтау тілектерін білдірді.

Іс-шара соңында запасқа шығатын әскери қызметшілерге зор құрмет көрсетіліп, олардың әрқайсысына фотоальбом мен естелік фото және әскери өмірден есте қаларлық бейнежазбасы бар дискілер табыс етілді.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Думан Жұмашұлы

227 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз