Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Мамыр, 2024

Астанада жастар ұйымдары әлеуметтік орталық аумағына ағаш отырғызды

Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағында ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Оған аталмыш мекеменің, Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері, «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, жастар ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Орталық аумағына 40-қа жуық алма ағашы отырғызылды.
«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Нұрбол Зұлқарнаев әрбір азамат қаланың дамуына үлес қосуға міндетті екенін атап өтті.
«Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Нұрлы жүрек» орталығының аумағында 40 алма ағашы отырғызылды. Біздің орталықта 271 бала арнайы әлеуметтік қызметтер алады және болашақта олардың алма бағы болады деп үміттенеміз. Біз әр бейсенбіде қосымша экоакция өткізіп, аумақты тазалаймыз. Әрқайсымызда азаматтық сана болуы керек. Тазалықты сақтап, қаланы ретке келтіруіміз қажет», - дейді Нұрбол Зұлқарнаев.
Айта кетейік, бұл апта «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумағын тазалауға және абаттандыруға арналған.
«Өнегелі ұрпақ» экоаптасы аясында біз 4 мектептің аумағында, сондай-ақ «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ағаш отырғызу іс-шарасын өткіздік. Орталық аумағында 40-қа жуық ағаш отырғыздық. Айта кету керек, басқа мектептердің аумағында алма ағаштары мен қарапайым көшеттер отырғызу жоспарланып отыр», - деді Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ресми өкілі Әлібек Жүсіпов.
Ең алдымен, іс-шараға қатысушылар ауланың ішіндегі қоқыстарды тазалап, аумақты сыпырып, ағаш отырғызу үшін қажетті құралдарды дайындады.
«Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен бірлесіп, біз «Таза Қазақстан» экоакциясына, атап айтқанда ағаш отырғызуға қатыстық. Акцияның маңызды екенін атап өткім келеді және төрт апта бойы біз қаланы тазалап келеміз. Акция жастарды дұрыс іс-әрекетке бағыттайды», - деді «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қорының басшысы Ботагөз Сұлтанова.
Акцияға қатысушы, «Жас сарбаз» тәрбиеленушісі Альбина Қайроллаева өз пікірімен бөлісті.
«Біз балалармен бірге «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау үшін қатысамыз. Менің ойымша, қаланы тазалау арқылы біз денсаулығымызды жақсартамыз. Сондықтан әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының аумағында сенбіліктер ұйымдастыру аса маңызды», - дейді Альбина Қайроллаева.
Естеріңізге сала кетейік, елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр.
Ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

250 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз