Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 06 Мамыр, 2024

Максим Мазепа Чехиядағы турнирдің күміс жүлдесін иеленді

Бүгін Ұлттық құрама спортшысы Максим Мазепа Чехияның Пльзень қаласында өтіп жатқан 52-ші Гран-при жарысында күміс медаль жеңіп алды.

Максим тапаншамен 50 метрден оқ атуда 540 ұпай жинады. Қазір қазақстандық спортшы Наталья Зигалованың қол астында жаттығады. Алтын медаль Словакия сплртшысына бұйырды.

Айта кетейік, осымен Гран-при жарысы аяқталды. Бірнеше күн бұрын Ұлттық құрама сапынан Қазақстан әйелдер құрамасы (Александра Садуакасова, Фатима және Зухра Ирназарова) күміс, Қазақстан ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қола жүлде алған.

Барлығы Пльзеньдегі турнирде 23 мемлекеттен 550 мерген сынға түсті.

490 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз