Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2024

Жетісу облысының таулы беткейінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Қазгидромет Жетісу облысы бойынша ауа райына қатысты ескерту жариялады.

«2024 жылғы 6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін», - деді Қазгидрометтің баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Осыған орай, Қазгидромет, су қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы мүмкін деп ескертеді. 

93 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз