- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 06 Мамыр, 2024
Алматыда жаңа Ардагерлер аллеясы ашылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанында Жангелдин атындағы скверде Ардагерлер аллеясының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Ашылу салтанатына Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлері, зейнеткерлер қатысты. Аллея аға буынға деген ризашылық пен құрмет символына айналды.
Іс-шара аясында алаңға 100-ге жуық жапырақты қарағаш көшеті отырғызылды. Іс-шара қала тұрғындарын ардагерлер мен олардың ерлігін сақтау және еске алу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың экологиялық санасын нығайту мақсатында біріктірді.
Фото: дереккөзден алынды
88 рет
көрсетілді0
пікір