Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Мамыр, 2024

Алматыда Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтті

Республика Сарайында ардагерлерге, әскери қызметшілер мен курсанттарға арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мәдина Сәдуақасова, Сая Махамбет және «Алашұлы» тобы және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздары Отан, ел мен жер туралы ән шырқады.
38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының әскери ансамблі өнер көрсетіп, патриоттық әндер айтып, би биледі.
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Ұлы Отан соғысына қатысушы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай жүрек тербейтін композициялар орындалды.
Кеш эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әскери ансамбль солистері шырқаған «Менің Отаным» әнімен аяқталды.

164 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз