- Безбен
- 06 Мамыр, 2024
Көлік вице-министрі Беларустің Қазақстандағы елшісімен кездесті
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда азаматтық авиация, халықаралық және ішкі жүк тасымалы желісін дамыту мәселелерін талқылады.
Қол жеткізілген уағдаластықтар осы айда орын алатын үкіметаралық комиссия аясында одан әрі жүзеге асырылмақ.
478 рет
көрсетілді0
пікір