Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 07 Мамыр, 2024

Қазақстан мен Мысырдың авиациялық билігі арасында келіссөздер жүргізілді

Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билігіарасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазақстандық делегацияны ҚазақстанРеспубликасы Көлік министрлігінің Азаматтықавиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Мысыр тарапын Мысыр авиация министрлігіАвиациялық әкімшілігінің әуе көлігі жөніндегіМемлекеттік хатшысының орынбасары ХешамАбдель Басет мырза басқарды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптарелдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпысанын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ әрбіртарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласты.

Сондай-ақ, тағайындалғантасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы "Air Astana" және "SCAT" тасымалдаушыларына "Fly Aystan" әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақтырейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапыөз кезегінде қолданыстағы "EgyptAir", "EgyprAirCargo" және "Air Cairo" тасымалдаушыларына "RedSea" және "Nile Air" тағайындады. 

Сонымен бірге, қол жеткізілген келісімдербойынша екі елдің әуе компаниялары өзаракоммерциялық келісімдер жасай алады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде екітараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстерсанын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшугеографиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

956 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз