Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 07 Мамыр, 2024

Курчатов қаласының демалыс базасында тазалық жұмыстары жүргізілді

Курчатов қаласының демалыс базасында тазалық жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Курчатов қаласының «Берег» демалыс базасында «Жасыл десант» экологиялық акциясы өткізілді.
Оған Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілер қатысты. «Мөлдір бұлақ» апталығының аясында Ертіс жағалауы тазаланды. Демалыс базасының аумағы жапырақтардан және былтырғы қоқыстардан тазартылды. Енді демалыс базасы каникул кезінде өзінің кішкентай келушілерін қабылдауға дайын. 
Бүгінде Курчатов қаласында «Таза Қазақстан» акциясына 5162 адам қатысқан. Сонымен қатар, 2 бірлік қоқыс тиегіш, 3 бірлік жүк және суару техникалары тартылды. 3500 шаршы метр сквер, саябақ ауласы жиналып, 1708 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 50 аула аумағы тазаланып, 1500-ден астам ағаш отырғызылды.

Фото: Абай облысының әкімдігі

490 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз