Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Мамыр, 2024

Жамбыл облысының әкімі соғыс ардагерлерін Президенттің атынан Жеңіс күнімен құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңіс мерекесіне орай  соғыс ардагерлеріне барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады.

Алдымен аймақ басшысы қарт майдангер Мүтәліп Ережепбайға құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы Құттықтау хатын оқып берді.

98 жастағы ардагер Талас ауданының тумасы. Ол 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатысқан. 1950 жылы елге оралып, партия жұмыстарына белсенді араласып, журналистика саласында да жауапты қызметтер атқарған.

Облыс әкімі Иван Макеевтің шаңырағына да барып, Президенттің Құттықтауын хатын табыстады. Майдангердің отты жылдардағы ерлігі мен қайсарлығын атап өтті.

"Арамыздағы өздеріңіз секілді ардагерлер мен тыл еңбеккерелеріне, сол кезеңнің куәгерлеріне деген құрмет, көмек көрсету – бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі", - деді облыс әкімі.

Фото: дереккөзден алынды

104 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз