Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Мамыр, 2024

Абай облысында «Мөлдір бұлақ» апталығы жалғасуда

Жарма ауданында «Таза Қазақстан» республикалық эко-акциясы аясында «Өзен-су – өлке ажары» іс-шарасы өтті.

Басты мақсат – өскелең ұрпақты қоршаған орта мен табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Акцияға 50-ден астам еріктілер, белсенділер, мекеме, ұйым қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты. Акция аясында су қоймасының жағасындағы қоқыс, тұрмыстық қалдықтар жиналды.

Ауданда 30-дан астам өзен бар. Судың негізгі көзі – Шар өзені. Бұл өзен Қаражал биіктігінен бастау алады. Оның жалпы ұзындығы – 259 шақырым, су жинау алаңы – 14 900 шақырым. Сарыарқа мен Қалба жотасының шекарасынан Ақшы ауылының жанындағы Ертіске құяды. Суы – тұщы. Өзеннің негізгі каналына аудандағы бірнеше салалар іргелес.

Жазда су қоймасының аумағында демалушылар саны жыл сайын артып келеді. Олардың ішінде табиғатқа немқұрайлы қарайтындар көп, соның салдарынан су қоймасының жағасында шыны бөтелкелер, консервілер және басқа да қалдықтар жиналмай жатады. Еріктілер мұндай бұзақылыққа жол бермей, табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.

«Өкінішке орай, демалуға баратын азаматтар қоршаған ортаға немқұрайлы қарайды. Кейбіреулер бүгінмен өмір сүреді. Мысалы, пластикалық бөтелке, полиэтилен пакет жүздеген жылдар бойы шірімейді, сонымен бірге зиянды заттарды шығарады. Біз кері әсердің алдын алуымыз керек,»- дейді Жарма аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ерлан Қайырбеков.

Фото: Абай Облысының Әкімдігі

153 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз