Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 10 Мамыр, 2024

Қазақстан және Индонезия инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздеуде

Денпасар, 2024 жылғы 6-7 мамыр – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Индонезия Республикасының Үкіметі арасында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің екінші раунды өтті.

Келіссөздерге Қазақстан тарапынан сыртқы істер, әділет, сауда және интеграция министрліктерінің, сондай-ақ Сот әкімшілігінің және «Kazakh Invest ҰК» АҚ, ал Индонезия тарапынан сыртқы істер, инвестициялар министрліктерінің және Қаржылық қызметтер басқармасының өкілдері қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар жоғарыда көрсетілген Келісім жобасы мәтінінің барлық негізгі баптары бойынша тұжырымдамалық келісімге қол жеткізді. Келесі раунд 2024 жылдың маусымында бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.

Тараптар болашақта осы Келісімге қол қою Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстардың өсуіне ықпал ететініне сенім білдірді.

Фото: gov.kz
 

815 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз