Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қараша, 2015

ЕАЭО ортақ валютасын енгізу белгісіз мерзімге шегерілді

photo_22638Ресей Орталық банкі Еуразиялық экономикалық одақ аумағына ортақ валюта енгізу мәселесі бойынша зерттеу жүргізуді кейінге қалдыруды шешті, - деп жазады "Известия" басылымы. Банк өкілінің айтуынша, ортақ валюта енгізу мәселесін қарау үшін ЕАЭО шеңберінде экономикалық одақ құрылысын толық көлемде аяқтау қажет болады, сонымен қатар, тауар айналымының, аумақтағы қызмет пен капиталдың еркіндігін қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ, ортақ валютаны енгізу үшін ЕАЭО елдері орталық банктерінің позицияларымен, бірыңғай ақша-кредит, салық саясаты, келісілген валюта бағамы бойынша келісімдері керек. Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі бірыңғай валюта жөнінде пікір білдірді. Банктің мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі талқыланған емес. "Интеграциялық бірлестікке мүше елдер ортақ валюта енгізу үшін, бірдей валюталық, ақша-несие саясатын жүргізу керек. Оған қоса Еуроодақ тәжірибесіне сәйкес салық-бюджет саясаты да бірдей болуы тиіс. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің құрылымы мен экономикалық ерекшеліктері, ақша-несие, салық-бюджет саясаттарының айырмашылықтары, төлем қабілетінің, табиғи ресустарының әр түрлі болуы ортақ валюта енгізуге мүмкіндік бермейді. ЕАЭО шеңберінде ортақ валюта енгізу талқыланған емес", - деп мәлімдеді Ұлттық банк өкілдері. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев ЕАЭО ортақ валютасын құру туралы мәселенің күн тәртібінде тұрмағанын мәлімдеді. "Бүгінгі таңда ортақ есеп айырысу бірлігі мен ЕАЭО ортақ валютасын құру туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестік деңгейлерінің ешбірінде талқыланбайды", - деді Абаев. Дереккөз:Tengrinews.kz

38700 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз