Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Мамыр, 2018

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының бүгінгі таңдағы зор мақтанышы - іргесі биік ынтымағы мен берекесі жарасқан ел бірлігі. Ата-бабамыз ежелден ту етіп, дәріптеген ерекше қасиет достыққа деген адалдық десек, Қазақстан бүгінде дәстүр жалғастығын сақтап, ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп, татулығы жарасқан елге айналды.

130-дан астам ұлттың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі боларлық дәрежеге жетті. Еліміздегі халықтар достығының нышаны ретінде 1995 жылы ел тарихындағы үлкен оқиға орын алды, ұлтаралық татулықтың ортақ белгісіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың символына айналған Қазақстанның мәртебесі артып, бірлігіміз мәңгілік болсын, ағайын!

Ізгі ниетпен: «Қазақ газеттері» серіктестігі

[video width="1280" height="720" mp4="http://kazgazeta.kz/wp-content/uploads//12.mp4"][/video]

40499 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз